Ресей Түркиямен арадағы қарым-қатынасты түзеуді қалайды — Владимир Путин

36 просмотров

Ресей Федерациясы Түркиямен арадағы жақсы қарым-қатынастың жаңғырғанын қалайды. Бұл туралы РФ президенті Афинадағы мәлімдемесінде айтты деп хабарлайды РИА Новости.

— Біз «кешірші» деген сөзді естімедік. Шығынды өтеуге дайын екендіктерін де айтпады. Біз қарым-қатынасты жаңғыртқысы келетіндерін ғана естіп жатырмыз. Біз де мұны қалаймыз.

Оны бұзған біз емес. Біз ондаған жылдар бойына ресей-түрік қарым-қатынасын әріптестік пен достастық деңгейге көтеру үшін аянбай тер төктік. Ресей мен Түркия халқының достығы өте жоғары деңгейге көтерілді.

Біз оны аса қадірлейміз. Бұлай неге болды? Оған менің ақылым әлі жетпейді, — деді Владимир Путин.

Ресей президенті арадағы қарым-қатынасты түзегісі келетін мәлімдемесінен тыс Анкара осы бағытта қандай да бір шаралар қабылдауы тиіс екенін айтады.

— Біз түрік тарапымен әртүрлі желі арқылы байланыс ұстап отырмыз, әріптестер де шығып жатыр. Олар біздің жауабымызды жақсы біледі. Біз олардың тарапынан қандай да бір қадам жасалғанын күтіп отырмыз. Әзірге, ешқандай қадам жасалған жоқ, — деді Владимир Путин.

Загрузка...