Ресей Сұлтан Сүлеймен сериялы ізімен Алтын орда фильмін түсіріп жатыр

122 просмотров

Қазақстандық актер Санжар Мәдиев «Алтын орда» кино жобасының суреттерін жариялады.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Ресей кинематографшылары «Тақтар ойыны» («Game of Thrones»), «Сұлтан Сүлеймен» («Muhteşem Yüzyıl») сериалдарына ұқсас тележоба әзірлеп жатыр. «Алтын орда» («Золотая орда») деп аталатын сериал XIII ғасырдағы Киев Русі мен Алтын Орда арасындағы қарым-қатынасты суреттейді.

Жобамен «Марс Медиа» және «Амедиа» компаниялары айналысады. Бірінші маусым 16 сериядан құралады, жобаның жалпы бюджеті 400 млн рубль деп жарияланған. Түсірілімнің 70 пайызы Татарстанда, содан кейін Мәскеу мен Қырымда өтеді.

Қазақстаннан Аружан Жазылбекова, Дина Тасболатова, Санжар Мәдиев, Дәулет Әбдіғапаров секілді актерлер қатысады. «Алтын Орда» 2017 жылы күзде эфирге шығады деп жоспарланған.

Кино сюжеті: XIII ғасырдың соңы. Ежелгі Русь Шыңғыс хан ұрпақтарының қол астында. Ұлы князь Ярослав тарам-тарам болған орыс княздықтарын біріктіріп, бодандықтан босауды армандайды. Бірақ басты жауы жанынан табылады — олар князь Борис пен үлкен ұлы Владимир еді.

Русь астанасына Алтын Орда елшісі — Тәңір Темір келеді. Ол Ордаға орыстан жауынгер жинауға келген еді. Бірақ ол мынадай шарт ұсынады: егер Ұлы князь оған Бористің қалыңдығы — княгина Устиньяны әйелдікке берсе, сарбаздардың бір бөлігін қалдырады. Ярослав оған келісім бергісі келмейді, алайда Бористің өзі бұған мойынсұнады. Осылайша Борис князь тағына қол жеткізуді ойлаған еді. Сөйтіп Устинья керуенмен бірге Ордаға аттанады.

Елші кетіп бара жатып Ұлы ханнан әкелген «сыйлығын» қалдырады — ол князға арналған жас сұлу Нарғыз еді. Енді князь екі оттың

ортасында қалады: бір жағында жаңа ғашығы Нарғыз тұрса, екінші жағында оны қабылдамаған халқы мен бірінші әйелі Ярослава еді.
Осы кезде Алтын Орда ханы Берке күнінің жақындап қалғанын сезіп, мұрагер қалдыруды ойлайды. Ол 16 жасар Айжан есімді қызды үшінші әйел қылып алады. Елшімен бірге Ордаға келген орыс азаматтарының бірі — жас суретші Николка Осы Айжанға ғашық болып қалады.

Тележобаға тартылған мамандар да әртүрлі ұлттардан тұрады: орыстар, армяндар, татарлар, беларустер, еврейлер, қазақтар, грузиндер, украиндар.

Загрузка...