Ресей Кувейтке КСРО-дан қалған 1,7 млрд доллар қарызын өтеді

22 просмотров

«Ресей КСРО-ның 1,7 млрд доллар көлеміндегі Кувейтке қарызын өтеді» деп хабарлайды РФ қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ВВС агенттігі.

521920125

«КСРО 1991 жылы Кувейттен несиені сол кездегі қаржылық міндеттер мен қиын жағдайда тұрған импорт үшін төлем жасауға алған», делінген баспасөз қызметінен таратқан хабарламада.

 

2006 жылы қол қойылған келісімге сәйкес, 1,1 млрд. доллар сомадағы негізгі қарыз ақшалай, ал 620 млн долларға жеткен пайыздар Ресейде өндірілетін жоғары технологиялық өнімдерді жеткізумен өтелді.

 

РФ Қаржы министрлігі Ресейдің КСРО-дан қалған Корея Республикасы, Македония, сондай-ақ Босния және Герцеговина алдында борышы өтелмегенін де айтады.

Загрузка...