Ресей кеденшілері Қазақстанның 10 тонна ащы бұрышын өткізбей, кері қайтарды

31 просмотров

 Новосібір облысы бойынша Ресей ауыл шаруашылығы бақылау басқармасының инспекторлары Қазақстан Республикасының 10 тонна ащы бұрыш партиясын өткізбей қойған.

Басқарманың баспасөз қызметі хабарлағандай, карантиндік-фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде, жоғары фитосанитариялық қауіп тудырып, карантинге алынған жоғарыда көрсетілген партияның қауіпсіздігін растайтын сертификаты болмаған.

Халықаралық карантиндік заңнаманың талаптарына сәйкес, өнімді Ресей Федерациясы аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Ащы бұрыш партиясы Қазақстан Республикасына, жөнелтушіге қайтарылды.

Загрузка...