Норвегиялық хоккейшілермен болған ойынның алдындағы жаттығу кезінде Дамир Рыспаев Қазақстанның туы салынған тіс қорғайтын капасын жарқ еткізді.
Айта кетсек, кеше түнде шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы Олимпиада-2018 іріктеу турниріндегі алғашқы ойынын жеңіспен бастады.
F тобындағы алғашқы матчта Андрей Назаровтың командасы овертаймда алаң қожайындары — Норвегия құрамасын 4:3 есебімен жеңді.
F тобының жеңімпазы 2018 жылы Пхенчханда өтетін Олимпиадаға жолдама алады. Олимпиадаға жолдама алып қойған елдердің қатарында Оңтүстік Корея (Олимпиада қожайыны ретінде), Канада, Ресей, Швеция, Финляндия, АҚШ, Чехия, Швейцария және Словакия бар.
Дамир Рыспаев. Фото: hcbarys.kz