Бесланда 2004 жылы 1-3 қыркүйекте болған қайғылы оқиғаны еске алып, наразылық акциясына қатысушыларды ұстап, оларға айыппұл салып, қоғамдық жұмысқа жекті.
Қайғылы оқиға кезінде кепілдікке алынып қайтыс болған бес баланың анасы сыртқы киімдерін шешіп, президент Владимир Путинді айыптайтын жазуы бар жеңсіз ақ жидемен шықты. Әйелдер 2004 жылғы қыркүйектегі мектепті басып алу оқиғасын жіті зерттеуді талап етеді.
2004 жылы 1 қыркүйекте содырлар Беслан қаласындағы №1 мектепті басып алып, 1200 оқушы мен мұғалімді кепілдікке алды (Солтүстік Осетия). Террористік шабуылдың салдарынан 334 адам қаза тапты, олардың 186-сы балалар. Қайғылы оқиғаға кінәлілер әлі күнге дейін жауапқа тартылмады.
Жыл сайын бұл күндері Бесланда еске алу шаралары өтеді.