Полицияға қарсылық танытқандар сотталады

203 просмотров

Елімізде полицияға күш көрсетіп, қарсылық танытқандар 10 жылға сотталады

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған. 

«Азаматтардың көпшілігі іс-әрекеттерін бағамдамайды. Полиция қызметкеріне қарсылық танытқаны үшін әрі кетсе айыппұл салар деп ойлайды. Шындығына келгенде жағдай одан да күрделі.

Егер 2015 жылға дейін полицейге бағынбау әкімшілік құқық бұзушылыққа жатқызылып келген болса, қазір қылмыстық әрекет, яғни қылмыс деп саналады», – деп мәлім етті ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полицейдің ар-намысына тигені үшін 75 тәулікке дейін қамауға алынады, ал күш қолданған жағдайда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ІІМ мұндай фактілердің әрқайсысын жіті тексереді. Әрі бұл қылмыстық істердің барлығы ерекше бақылауға алынған. 2015 жылы 592 рет полицейлерге қатысты күш қолданылса, соның 514-і сотқа жолданған.

Загрузка...