Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Петропавл вокзалына “мина қойған” жігіт Ресей азаматы болып шықты

1 маусымда 19.38 уақытында Солтүстік Қазақстан облысы полциясына Ресейдегі әріптестерінен қоңырау келіп түседі. Олар РФ ІІД-нің Свердловск облысындағы Мемлекеттік басқармасының кезекші бөліміне Петропавлдағы темір жол вокзалына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскенін хабарлаған.

„Мұны ести салысымен, облыстық Ішкі істер департаментінің қызметкерлері шұғыл түрде вокзалға жетті. Апат болуы ықтимал орыннан 40 адам эвакуацияланып, вокзалдың маңайы қоршауға алынды. Арнайы тексеру кезінде ешқандай күдікті зат көзге ілінбеді. Біршама уақыттан соң темір жол вокзалы іске кірісіп, жұмысын қалыпты жағдайда жалғастыра берді„ делінеді алдын ала ұсынылған хабарламада.

Лаңкестік әрекет жөніндегі жалған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық іс қозғалған.

– Ресейлік құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірлесе отырып, бұл жалған қоңыраудың иесі Свердловск облысының 1978 жылғы тұрғыны екені анықталды. Ол жүйкесі сыр бергендерді алатын есепке тіркелген болып шықты. Бұл – жыл басынан бергі лаңкестік әрекет туралы жалған ақпарат берген алғашқы қылмыстық факті, – дейді СҚО ІІД-нің Экстремизммен күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Руслан Мұхамбетжанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз