Павлодарда Иегова қауымының ғимараты түк қалмай өртеніп кетті

76 просмотров

Павлодарда сәрсенбі күні таңертең «Иегова куәгерлері патшалығы» қауымының ғимараты өртенді.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт туралы хабар шұғыл байланыс желісіне таңғы сағат 4-те келіп түскен.

Аумағы 200 шаршы метрді құрайтын ағаштан жасалған Иса Байзақов көшесінде орналасқан ғимарат толық отқа оранды. Қызыл жалынмен үш өрт сөндіру көлігі күресті. От 1 сағат шамасында ауыздықталды.

Өрт кезінде ғимаратта адам болмаған.

Өрт сақшыларының алдын ала болжамы бойынша, бұл арада қасақана өрт қою фактісі орын алған.

Загрузка...