Павлодар тұрғыны Қаржы министрлігінен 800 мың теңге өндіріп алды

50 просмотров

Осыдан бір жыл бұрын заң тәртібін бұзғаны үшін айыпталып, соңынан ақталған Успен ауданы Қаратай ауылының тұрғыны Серік Жапаров ҚР Қаржы министрлігінен моральдық нұқсан келтіргені үшін сот арқылы 800 мың теңгені өндіріп алды.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Іс материалына сүйенсек, 2011 жылдың көктемінде Серік Жапаров ауылдасына 300 мың теңгеге екі метрлік ауылшаруашылық тіркеме тырманы жөндеп берген, бірақ еңбек ақысын ала алмаған. Бұдан кейін техника иесіне өкпелеген Жапаров ағасына үйдің ауласынан тырманы алып кетуді өтінген. Бірақ ол тырманың басқа адамға сатылып кеткенін білмеген.

Кейін тырманың жаңа иесі келіп, Жапаровтан техниканы қайтаруды ұйғарады. Тырма қайтарылмағаннан соң ол құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінген. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, Жапаровтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

2015 жылдың сәуірінде Павлодар аудандық соты Жапаровты айыпсыз деп танып, зиянды өтеуге құқылы екенін айтқан. Осы жылдың жазында Жапаров 250 мың теңгеге адвокат жалдап, моральдың нұқсан келтіргені үшін ҚР Қаржы министрлігінен сот арқылы 9,5 миллион теңге талап еткен.

— Успен аудандық соты Жапаровтың өтінішін жартылай қанағаттандырып, ҚР Қаржы министрлігінің қазынансынан моральдық нұқсан келтіргені үшін 500 мың теңге мен материалды нұқсан үшін 302 120 теңге өндіру туралы шешім қабылдады, — деді агенттікке берген сұхбатында ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Жанар Жұматаева.

Загрузка...