Қостанай облысында 3 мың бас ірі қара бруцеллезге шалдыққан

39 просмотров

Биыл Қостанай облысында тексеруден өткен 280 мың бас ірі қара малдың 3212-сі бруцеллезге шалдыққаны анықталды.

Тексерілген 332 мың ұсақ малдың 69-ы ауырады, — деп хабарлайды Qamshy.kz Alau.kz -ке сілтеме жасап.

Мал дәрігерлігі басқармасының басшысы Берікжан Қайыпбайдың айтуынша, аурудың негізгі себебі ветеринариялық-санитарлық талаптардың сақталмауынан және ведомстволық ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың нашарлығынан болып отыр.

Жангелдин ауданындағы ірі қара малдың бруцеллезбен ауыру деңгейі 2 жарым есеге, Амангелді ауданындағы жұғу 6 есеге азайған.

ІҚМ шаруашылығы құрылымдарында бруцеллезге қарсы вакциналарды бақылаусыз қолдану —  ірі қара мал бруцеллезіне қатысты жағдайдың нашарлау факторларының бірі болып отыр.

Болған жағдайға байланысты, облыс әкімі орынбасарының тапсырмасымен мал бруцеллезі кең тараған аудандарға әдістемелік және практикалық көмек көрсету үшін тәжірибелі мамандар жіберілді.

Загрузка...