Орыстанған қазақ енді қазақтанып келеді — Әзімбай Ғали

587 просмотров

Саясаттанушы Әзімбай Ғали Фейсбуктегі жеке парақшасында орыстанған өзінің қазақтанып келе жатқанын, тіпті, Алматыда әңгімелесуге орыс таба алмайтынын жазып, мұны жағымды үрдіске балапты. Сөйтіп, ағамыз біраз қиялға да беріледі…

Азимбай-800x420-800x420
Әзімбай Ғали

Мен орыс мектебін бітірсем де, орысшам таусылып барады. Орысша мақалаларыма сұраныс азайып келеді. Ал, қазақша контент өсіп келеді.

Үш тұғырлы тіл бағдарламасы сол өшіп бара жатқан орыс тіліне жан бітіру деп есептеңіз.

Орыстанған қазақ қазақтанып келеді.

Қазақтардың өз арасында тек қазақша сөйлеуі, ақшасы мен назарын орыс тілді емес, қазақ медиа өнімдеріне бағыттауы қажет. Бұл үрдіс өз-өзімен жүріп келе жатыр.

Орыс қазір – 20 пайыз. Әңгімелесуге Алматының өзінде орыс таба алмайсың.

Мен Сарқан ауданынанмын, бұрынғы Сарқан орыстанған аудан еді. Қазір толық қазақы аудан. Тұрғындарының біразы қытай қазақтары, оларда орысша мүлде жоқ. Ендігі кезекте Талдықорған мен Алматы. Менің туысқандарым Талдықорғаннан Алматы мен Астанаға көшкен.

Енді «Хабарды» толық қазақшаласа, Ресей теледидарын жапты дей бер. Бара келе, өз- өзіне жеткілікті халқымыз, орыстың руханиятына, тіліне, дініне таңмен қарайтын болады. Ал орыстың көптеп салынып жатқан шіркеулерін қазақтар сатып алып, мешітке айналдырады.

Әзімбай Ғали, Фейсбуктегі жеке парақшасындағы жазба

Загрузка...