Ашхабад, Бішкек, Душанбе және Ташкент «әлемдегі ең қауіпті және сенімсіз қалалар» деп танылған тізімге енген. Мұндай қалалардың жыл сайынғы рейтингісін Mercer халықаралық консалтингтік агенттігі дайындапты.
Британдық күнделікті Independent газеті хабарлағандай, трансұлттық компанияларға және басқа да жұмыс берушілерге қызметкерлерін осы қалаларда орналастыру кезіндегі қолайсыздықтар ақысын толықтыруға көмек беру үшін Mercer өз рейтингісін жасайды екен. Жыл сайын Mercer әлемнің 450-ден астам қаласына шолу жасайды
саяси тұрақтылық, қылмыс жасаушылық, құқық қорғау қызметі, банк қызметі, БАҚ-тың қол жетімділігі және цензура, жеке бостандықты шектеу, медицина қызметтері, жұқпалы аурулар деңгейі, канализации жағдайы, қалдықтарды жою жүйесі, ауаның ластануы, білім беру стандартары, электр қутымен қамтамасыз ету, су тазалығы, қоғамдық көліктің жағдайы, жолдардағы көлік кептелістері, мейрамханалардың, театрлардың, кинотеатрлардың, спорттық құрылымдардың болуы және олардың сапасы, азық-түлік тағамдарының қолжетімдігі, тұрғын үйді жалға алу, стихиялық апаттардың қауіптілігі және тағы басқалары.
Биыл Mercer әлемдегі ең қауіпті 33 қаланы ерекше атап өтті.
Сенімсіздігі және қауіптілігі жағынан көш бастап тұрған қала, әлбетте, Бағдад. «Бірнеше соғыс және тұрақты зорлық-зомбылық (терактов) Ирак астанасына елеулі зиян келтірді. Сондай-ақ Бағдад ИГИЛ тарапынан жасалатын тоқтаусыз қауіп-қатерлерге тап болуда», — деп жазады Mercer.
33-орынға Дар-эс-Салам (Танзания) жайғасқан. «Аса ірі қалада қылмыс жасаушылық өте жоғары деңгейде. Мәселен, жақында бандиттер британдық туристерді ұрлап кетіп, өздерінің есептеріне Вестерн Юнион арқылы 5000 фунт стерлингті аударғанша тұтқында ұстаған», — деп хабарлайды агенттік.
26-орынды Ташкент иеленген (Өзбекістан).
Соңғы жылда Орталық Азиядағы бұл елдің астанасы лаңкестіктің ордасына айналды. 2015 жылы 11 жылда алғаш рет АҚШ-тың Ташкенттегі елшілігіне шабуыл жасалды,
— деп атап өткен Mercer. — Билік исламдық экстремизмнің өсуіне тойтарыс беруге тырысуда».
23-орында — Ашхабад (Түркіменстан). «Мемлекет қаланы негізінен мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер арқылы бақылауға алған. Өкінішке қарай,
Ашхабад ауыз су тапшылығынан үнемі зардап шегіп келеді,
ол, әсіресе, 2015 жылы ауа температурасы Цельсий бойынша 47,2 градусқа жеткен кезде айқын байқалды».
21-орынға жайғасқан Бішкек туралы Mercer былай деп жазған:
Кедейшілік деңгейі, тіпті, елдің экономикалық орталығында да өте жоғары
ИГИЛ күштеріне қарсы қарқынды күрес жүргізуде».
Ақыры Тәжікстан астанасы Душанбе. Mercer рейтингісінде қала 19-орынға жайғасқан.
Кедейшілік және электр энергиясының тапшылығы қала, жалпы ел үшін орасан зор мәселе
Дүниежүзілік банк те бұл елде инфрақұрылымның жетіспеушілігінен бизнес жүргізудің күрделі екендігін ескертеді».