Олжас Сүлейменовке Қазақстанның Еңбек Ері атағы берілді

75 просмотров

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Олжас Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы қаулы етілді.

44

Қаулыда “Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген.

Бұл сыйлы марапат қазақтың біртуар ұлы Олжас Сүлейменовтің туған күніне сайма-сай келіп отырғанын баса айта кетелік. 18 мамырда, яғни бүгін Олжас Сүлейменов 80 жасқа толды.

Загрузка...