Оңтүстікте жаңбыр жауады, батыста 41 градус ыстық болады

19 просмотров

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, ал батыс өңірде, керісінше аптап ыстық күтіліп отыр.

Бұл туралы „Қазгидромет„ хабарлайды.

«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа райы күрт өзгереді. Өйткені оңтүстіктен өте жылы және Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа массалары түйісіп, ауа-райын тұрақсыз етеді. Салдарынан түйдек-түйдек қара бұлттар пайда болып, нөсерлетіп жаңбыр жауады. Әсіресе, таулы аудандарда нөсер жаңбыр мен бұршақтың жаууы күтіледі, көптен күткендей, ауа температурасы төмендеуі ықтимал», — делінген хабаралама.

Республиканың батысын қоспағанда, қалған өңірлерінде де суық атмосфералық ағындардың әсерімен кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасының аздап төмендеуі болжанып отыр.

Қазақстанның батыс облыстарына тропикалық ауа райы келіп жетті. Алдағы үш тәулікте мұнда өте ыстық және құрғақ болып, ең жоғары температура 33-41 градусты көрсетеді.

Загрузка...