Оңтүстікте бір жыл бұрын жоғалған бозбаланың анасы жұрттан көмек сұрайды

40 просмотров

Оңтүстік Қазақстанда бір жыл бұрын жоғалған бозбаланы таба алмай жүрген туыстары енді жұрттан көмек сұрайды.

Бұл туралы КТК хабарлады.

Бәйдібек ауданына қарасты Ақтас ауылының тұрғыны 15 жасар Нұрымжан Бүркітбаев былтыр шілде айында үйінен шығып содан бері із-түзсіз кеткен. Жақындары Нұрымжанның мінезі жоғалардан бұрын күрт өзгергенін айтады.

Күлшара Әбдіраева, анасы:

-Атын сипалап тұрды да ол, мініп жүрген атын. Сосын мен айттым неғып тұрсың оны сипалап деп едім, мама мен келгенше мынау атты сатпа деді. Ай неменеге сатам деп едім, білмеймін солай айтты да маған. Қай жаққа кетейін деп жатсың деп сөйтіп едім, Үндемей қойды.

Сол кеткеннен мол кеткен 8 сынып оқушысын бүкіл ауыл іздеп, құтқарушылармен полицейлерде жұмылдырыпты. Арнайы мамандар жақын маңдағы өзен-көлдерді тексеріп, тау-құзды тіпті тікұшақпен де шарлап шыққан. Табыларына үміт үзілді деген сәтте Сарыағаштан Нұрымжанды көрдік деген адамдар табылыпты. Бір емес, бірнеше кісі шалғайдағы ауданнан баланы көрген екен. Нұрымжанның туыстарымен көршілеріне дейін топ болып, Сарыағаш түгілі жақын орналасқан бірнеше ауданды да өздері тінтіп шыққан. Полицейлерге де хабар бергенімен олар ешқандай әрекет жасап отырған жоқ дейді. Ал, ішкі істер органдарындағылар Нұрымжанның тірі екеніне сенбейтін де сияқты.

Бақытжан Донаев, ОҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

-Нұрымжан Бүркітбаевты іздестіру шаралары арыз түскен сәттен бастап тоқтатқан емеспіз. Оның туыстары айтқан аудандарда арнайы құрылған топ та іздеді. Даладағы қойшылардан да сұрастырдық. Ешқандай ізі жоқ. Біздің ойымызша оқушы балық аулауға шығып, суға ағып кетуі де мүмкін.

Безымянный

Загрузка...