Оңтүстік тұрғыны Қайрат Нұртас сыйға тартқан пиджакты 450 мың теңгеге бағалады

1 852 просмотров

Шардара қаласының тұрғыны Қазыбек Дарханбай танымал әнші Қайрат Нұртастың пиджагын сатқалы жатыр. 

Бұл туралы Замана басылымы жазады.

kazbek
Қазыбек Дарханбай

«Бұл бағалы сыйлық маған 2015-жылдың 24-мамырында бұйырды, — дейді Қазыбек. — Дәл сол күні Қайрат Нұртас біздің ауданға арнайы келіп, жеке концертін өткізген болатын. Сол кеште мен қолыма микрофон алып, оған деген тілегімді айттым. Әндерін сүйіп тыңдайтынымды білдірдім. Соған риза болды ма, әйтеуір маған аса бағалы тастармен көмкерілген аппақ пиджагін сыйға тартты.

Шынымды айтсам, ол пиджаг өзіме қатты ұнайды. Өлшемі де өзіме құйып қойғандай. Сатуға қимаймын. Бірақ олай етпеске амалым болмай тұр. Мен сал ауруына шалдыққанмын. Жиі ем қабылдап тұруға тиіспін. Ал кезекті ем курсын қабылдау үшін ақша таба алар емеспін.

Маған негізі тұп-тура 450 мың теңге керек боп тұр. Сол себепті мен Қайрат Нұртастың пиджагын осы сомаға бағалап отырмын. Бірақ алатын адамдар кездесіп жатса 350-400 мың теңгеге де бере салар едім».

Қазыбекпен әңгімелесе отырып түсінгеніміз, әзірге пиджакты алатын нақты адам табылмапты. Жарнама арқылы хабарласушылардың көбі оны тым қымбатқа бағалап отырғанын айтады екен. Сондай-ақ оның сөздерінен дәл қазір қиын жағдайда тұрғанын, емделуі үшін ақша таппай отырғанын аңғардық.

Кім біледі, бәлкім таяу уақытта атақты әнші сыйға тартқан киімді сатып алатын адам табылатын шығар. Мүмкін Қазыбек бауырымызға жай ғана көмек қолын созатын жомарт жандар да кездесіп қалатын шығар деген ойдамыз.

pidjag-1

Загрузка...