Оңтүстік Кореяның үш оппозициялық партиясы парламентке президент Пак Кын Хеге импичмент жариялау туралы қарар жобасын енгізді.
Қарарды 171 депутат қолдады деп хабарлайды Yonhap сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат.
Оңтүстік Корея басшысы маңындағы дау-жанжал баяндамасын ешқандай мемлекеттік қызметте жоқ құрбысы Цой Сун Сильдің дайындап беруімен басталды. Бұл оның мемлекеттік саясатқа ықпал ететіндігін білдіреді.
Сондай-ақ, бұдан басқа Цой ірі оңтүстіккореялық корпорациялардан қаржы алып өзінің коммерциялық емес қорларына аударды деген күдікке де ілініп отыр.