Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 144 отбасы баспаналы болады

15 просмотров

Жыл соңына дейін Түркістан шаһарында жалпы аумағы 7,8 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 144 отбасы баспаналы болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тұрғызылатын бұл үйлерге негізінен көп балалы, мүмкіндігі шектеулі перзенті бар отбасылар мен жетім балалар, әскери қызметкерлер және атамекенге келген қандастарымыз қоныстанады деп хабарлады 24.kz.

Қаладағы айналма жолдың бойынан салынып жатқан 9 қабатты екі тұрғын үйде негізгі құрылыс аяқталған. Бүгінгі таңда қала бойынша 3 930 азамат баспана кезегінде тұр. Олардың дені — әлеуметтік жағынан аз қамытлған отбасылар.

Байдулла Оразбеков, Түркістан қаласы Тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

— Әлжуаз топтарға 60 пәтерлі «Тұрғын үй» бағдарламасымен салынған пәтерлерді береміз. Ал Қазақстан ипотекалық компаниясымен салынған үйлер ипотекалық болғандықтан қомақты қаржысы бар, төлем қабілеті жететін азаматтар болуы қажет. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлерге ұсынамыз.

Сондай-ақ осы бағдарлама аясында бүгінде Шымкент қаласында да 900-ден астам пәтер салынып жатыр. Ал жыл соңына дейін еліміз бойынша жалға берілетін 326 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

 

Загрузка...