Биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында облыста 207881,2 млн теңге инвестиция игерілді.
Оның ішінде 44,1пайыз немесе 91637,8 млн теңгесі ауылдық жерлерге тиесілі. Қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың меншікті қаражаты болып табылады. Олардың көлемі ауылдық жерлердегі инвестициялардың жалпы көлемінен 34,5 пайыз немесе 31604,9 млн теңгені құрады.
Тұрғын емес объектілер бойынша осы кезеңде ауылдық жерлерде 7325 оқушы орынды 28 жалпы білім беретін мектеп, 1040 орынды 6 мектепке дейінгі мекеме, ауысымына 120 келушілерге арналған 1 амбулаторлық-поликлиникалық мекеме пайдалануға берілді.
Дереккөз: strategy2050.kz