Қолға түскен 28 жастағы Ахмад Хан Рахамиге 17 қыркүйекте Нью-Йорке жарылыс ұйымдастырды деген күдік келтірілді.
Тегі Ауғанстаннан шыққан АҚШ азаматын Нью-Джерси штатындағы Линден қаласының полициясы кеше ұстаған.
Бұған дейін күдіктіге іздеу жарияланғанын Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио мәлімдеген еді. Нью-Йорктың полиция басқармалары күдіктінің суреттерін жариялай бастаған болатын.
Өткен сенбі күні қолдан жасалған бомбаның Манхэттендегі Челси ауданында жарылуынан 29 адам жараланды.