“Ninety One” тобының тыңдармандары шетелде күн санап артуда (видео)

139 просмотров

Ninety one (91) тобының танымалдылығы күн санап артуда. Мақтау мен даттауды қатар естіп жүрген аты шулы топтың шетелде тыңдармандары баршылық. Олар топ жайлы, топтың шығармашылығы туралы ғаламтор бетінде жарысып жазуда.

Бұл туралы Қамшы порталы жазады.

Ютубтың Neide1Guerreiro деп аталатын каналында португалиялық қыздар жігіттердің бейнебаянын көргеннен бастап Ninety one-ның жанкүйерлеріне айналғандары туралы айтады. Қазақстандық топты ұнатқан қыздар қазақ тілінің құлаққа жағымды екенін атап өтті.

Біздің жігіттердің жүріс-тұрысы, бет-бейнесі де шетелдік тыңдарманның назарынан қалыс қалмады. Қазақтарды кәріске қатты ұқсатқан қыздар мемлекеттік тілге келгенде шатасты. Орысша комментарийлердің көбірек жазылатындығын байқаған олар елдің мемлекеттік тілі орыс тілі деп ойлап қалыпты.

Загрузка...