Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан “Дін терроризмге қарсы” халықаралық конференциясына қатысушыларды терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды.
Қазақстан жаңалықтары ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан “Дін терроризмге қарсы” халықаралық конференциясына қатысушыларды терроризмнің идеологиялық негізін жоюға шақырды.
– Бүгінгі таңда терроризм қаупі халықаралық қауіпсіздік туралы біздің түсінігімізді түбегейлі өзгертті. Терроризм шекара таңдамайды, елдерді бай және кедей деп бөлмейді. Бізде осы қауіпке қарсы тұра алатын жалғыз және жалпыға ортақ шешім жоқ, — деді конференцияда Назарбаевтың үндеу хатын оқыған ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.