Мысырдың экс-мүфтиі: Барша мұсылмандардың сәләфизммен күресетін уақыты келді

186 просмотров

Мысырдың экс-мүфтиі Шейх Али ЖУМА: «Бүгінде өзін сәләфимін деп жүрген мұсылмандар «сәләф» сөзінің түпкі мағынасын қаралап жүр және олардың негізгі көзқарастарын төмендегідей үшке бөліп көрсетуге болады» — дейді.

7c9343fb74c75f4f587b2c70f09bfa8d_resize_w_520_h_Бұл туралы Атырау облысы Дін істері басқармасына сілтеме жасаған baq.kz хабарлады.

1. Барлық әлем тек мұсылмандарға қарсы жұмыс жасап отыр және әлем мұсылмандардың бұл өмірде дәрежесін төмен деп қарастырады. Бұған бірден бір себеп ол еврейлер, христиандар және шығыстанушы атеистер. Осы үш топ тарапынан бүкіл мұсылмандарға қарсы арнайы келісім шарт құрылған және олардың негізгі мақсаты мұсылмандарға қарсы жұмылдырылу болып табылады.

2. Осыған байланысты мұсылмандар бүгінде бірігіп мұндай дұшпандарға қарсы тұруы керек. Сонымен қатар, қазіргі мұсылман әлемінде болып жатқан келеңсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін олардан кек алу қажет. Оларға қарсы тұру екі жолмен жүзеге асады. Біріншісі, кәпірлерді өлтіру. Мұндағы кәпірлер дегеніміз сәләфилермен санаспаған барлық адамзат. Екіншісі, діннен бас тартқандарды өлтіру. Діннен бас тартқандар деген мейлі ол мұсылман болсын Алла Тағаланың шариғатымен жүрмеген, Құранмен үкім шығармағандар.

3. Бүгінде сәләфилер үшін басты жұмыс – идеологиялық жұмыс. Бұл дегеніміз сәләфизм жақтаушылары арнайы бір ұйым немесе басқарма құрып жұмыс жасамайды деген сөз. Олар өздерінің идеологиясын жіпке тізген құмалақтай бір ізді етіп халықтың арасында тұрақты уағыздаумен айналысады. Сәләфизм жақтаушыларының осындай үш сатылы жұмысының нәтижесі жүзеге асу үшін біршама уақыт талап етеді. Салдарынан уақыт өтумен халықтың арасында бөлінушілік пайда болады да сәләфизм идеологиясы тез тарап бүгінде Ислам әлемінде болып жатқандай қантөгістерге алып келеді.

Өкінішке орай, мұндай идеологияның жетегінде жүргендер оның парқына бара бермейді және оның арғы жағында дін емес саясат жатқанын көбісі аңғармайды. Қазіргі таңда сәләфизм (уахабия) идеологиясы – ақиқаттың бетін жабушы болып қалыптасып үлгерді сондай-ақ, мұсылмандардың өркендеуіне, діни тұрғыда ілгері дамуға және де Ислам әлемінің соның ішінде Мысыр елінің әлемдік аренада барлық жағынан қалыс қалмауға барынша кедергі болып жатыр. Ең сорақысы аталмыш идеология экстремистер үшін тура ақиқатқа барар жол болып қалыптасқан. Мұндай көзқарастағы адамдар кез-келген елдің тыныштығын бұзуға, адами құндылықтың жойылуына және белгісіз қияли армандармен өмір сүруге алып келетін, өзгенің қалауымен жүретін қоғам дерті болып өседі. Демек, мұндай адамдар өзінен басқа айналасындағы адамдарға зиянын тигізеді және елдің болашағына балта шабады деген сөз.

Сонымен қатар, сәләфизм идеологиясының негізгі ұстанымы ол өткен мәселені бүгінгі заманауи мәселелермен байланыстыру. Бұл дегеніміз өткен заманғы қоғамның әдеп-ғұрпын, киім үлгісін, салт-дәстүрін, ішіп жеу мен жатып тұру және т.б. халықтың ұстанымы секілді әрекеттердің бәрін бүгінгі әрекеттермен байланыстыру деген сөз. Осындай әрекеттерді салыстырумен айналысатын кез-келген сәләфизм жақтаушылары қоғамда көптеген келіспеушіліктер мен қысымдарға тап болады. Олардың көзқарастары қоршаған ортамен сәйкес бола бермейді және қоғам пікірімен санаспайды. Салдарынан мұндай адамдар өздерін қоғамның тұтастай дұшпаны санап ондай қоғамнан арылу үшін өзін-өзі өлтіруге бейім болады немесе сол қоғамды реттеу үшін өз көзқарасына сәйкес барлық жағдайды жасайды. Осылайша олар саны көп болмаса да қоғамның ғасырлар бұрын қалыптасқан санасын өзгертуге тырысады және Ислам діні де аз мұсылмандардан тараған деген ұстанымдарды алға тартып өздерін жұбатумен айналысады. Сәләфизм идеологиясының негізгі ерекшелігі – ұстанымында қатты болу.

Себебі, мұндай адамдар өзі өніп өскен қоғамда қателіктер көп деп санайды және ол үшін өздерін тазартуға бейімдейді. Ал, бұл үшін ең бастысы ол қоғамнан оқшаулану болып табылады. Оқшауланған адам өзінің бағытын анықтау барысында көптеген жеке ізденістерге түседі алайда, ол өзінің көзқарасын қуаттау үшін оған сәйкес болған бір тәлімгер сайлайды. Осындай жағдайға түскен кез келген адам ақылдың емес белгісіз бір тәлімгердің жетегінде кетері сөзсіз.

Нәтижесіне ол өз тәлімгерінен өзгені тыңдамайды және ешбір ғалымды мойындаудан бас тартады. Сөйтіп сәләфизм идеологиясын құптайтын қоғамнан оқшауланған бір топ мұсылмандар бірігіп жұмыс жасай бастайды. Мұндай топтағы мұсылмандар өздерінің ұстанымдарын өзгеден дұрыс көріп бойларында тәкәппарлық, менсінбеушілік мінездері қалыптасады. Дін мәселесінде олармен тартысқа түскен кез-келген адамның көзқарасы олар үшін жат әрі ешкімді қабылдамайтындай дәрежеге жетеді.

Сондай-ақ, осындай топтағы адамдардың әрекеттері төмендегідей өзгеріске түседі:

– олар қоғамда болып жатқан кез-келген жағдайларды дінмен байланыстырып олар үшін барлығы бидағат (дінге енгізілген жаңалық) болып шығады;

– олар қашанда ақиқаттан гөрі өздерінің көзқарастарын жоғары қояды;

– олар мұсылмандардың өмірін тарылтады да «харам» мәселелердің ауқымын кеңейтеді;

– олар басқа діни ғұламаларды мойындамайды және өздерінің түсінік шеңберлерінде ғана діни мәселелерді талқылайды;

– олар ең алғашқы сәләфизм идеологиясын насихаттаған тәлімгерлерге еліктейді және солардың айтуы бойынша жүреді;

– олармен санаспағандарға қарсы және оларға қарсы тез үкім шығарады.

Бүгін барша мұсылмандарға мұндай идеологиямен күресуге уақыт туды. Ол үшін сан ғасырлар бойы діни сенімінде жаңылмай «Аһли сүннә уал жамаъ» жолында сондай-ақ, ұлы мәзхабттардың салған ізгі бағытын қолдап келген «әл-Азһар» университетінің негізгі ұстанымына қайтуымыз керек. Себебі, бұл университет ортаңғы бағытты ұстанады және шиитер секілді емес барлық ізгі сахабаларды бірдей құрметтейді. Сонымен қатар, аталмыш университет төрт (Ханафи, Мәлики, Шафиъи, Ханбали) мәзхабтар бойынша дәрістер жүргізеді және діни мәселеде жеке адамның шығарған шариғи үкіміне үзілді – кесілді қарсы тұрады. Бұдан бөлек университет адами құқықты қорғауға, адам өз-өзімен күресуге, жекеменшік мүліктерге және діндерге құрметпен қарауға, Ислам өркениетінің дамуына үлес қосуға, адами кемелдікке жетелейтін сопылық бағытты оқытуға, басқа да пайдалы ілімдермен айналысуға және Алла мен Оның Елшісінің (с.а.у.) жолынан таймауға үйретумен айналысады. Осындай өмірдің мәнін кіргізетін дәрістерді жоққа шығаратын сәләфизм секілді қоғам дертіне жұмылдырыла қарсы тұруымыз керек. Алланың қалауымен сәләфизмге қарсы сіздерге түсіндірмек болған мәселе осы еді. Алла Тағала жақсы білуші!

 

Загрузка...