Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Малымыз ауру, министріміз де оңып тұрған жоқ: қазақтың еті неге ешкімге керек болмай қалды?

191

korovi_04Ішкі нарықтағы ет тұтынысы 15-20 пайызға дейін күрт төмендеп кеткен.

Себебі қарапайым: қауіпті дертті ешкім жұқтырғысы келмейді.

– Етті, біз негізінен, ішкі нарықта сатып жатырмыз. Бірақ баға түсіп, кәсіпорындар зиян шегіп жатыр. Біздің кәсіпорындар Ресейге айына кем дегенде, 500-600 тонна ет сататын. Алайда Ресейге ет сатуға мамырда тыйым салынды, нағыз сауданың қызатын шағында. Жалпы алғанда, біздің кәсіпорындар Ресей нарығына кей жылдары 15-20 мың тонна ет өткізіп үлгеруші еді, бірақ биыл бұл мүмкін болмады.

Ресейді айтпағанда, Қытайға да ет өткізе алмай отырмыз. Себеп біреу-ақ: еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай.

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар да, мысалы Батыс Қазақстан облысындағы мұнай өндіруші компаниялар да жергілікті етті сатып алудан қорқып қалған, – дейді ет одағының төрағасы.

Ал ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов 29-маусымда Алматы облысының мал шаруашылығымен айналысушылармен кездесуінде:

“Еліміздегі жағдай бақылауда, бұл экспортқа еш әсер етпейді”, – деп мәлімдеп, уәде еткен еді.

Алайда министр уәдесіне сай жағдайды бақылай алмаған сыңайлы.

Нақтысы, қазақ етінің экспортына “тұсау салынған”.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 8-маусымынан 8-шілдесіне дейін Қазақстанда сібір жарасын жұқтырған 16 адам тіркелген. Оның үшеуі — Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар облысы. Ал Қарағанды облысында 8 адам осындай дертпен ауруханаға түсіп, екеуі көз жұмған еді.

Аталған 4 өңірде карантин жарияланған. Ал жуырда Атырау облысында карантин жарияланды. Бұл жолғы мал арасына тараған індеттің сібір жарасына еш қатысы жоқ. Бірақ африкалық тамыры бар бұл ауру да қазақ малын қынадай қырып жатқан жайы бар.

254824_original

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз