Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

33 мың теңге пара алған полицей 2 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Сотта анықталғандай, Д.А. есімді азамат мемлекеттік қызметті атқаратын уәкілетті лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланып, кәсіпкер З.Т-дан заңсыз әрекеті үшін 33 000 теңге пара алып, ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Сот жаза қолдану барысында сотталушының бұрын сотталмағандығын, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуын, сондай-ақ істеген қылмысына өкінетіндігін есепке алды.

Сот сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 60 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салды. Демек, ол бюджетке шамамен 2 миллионға жуық теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз