Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Билік неден қорқады? Кенесарының басын қайтаруға кім кедергі?

619

Қазақ орыстан ғана емес, хан-сұлтандардан да жәбір көрді. Ал орыс-казак отрядтары құрылғаннан кейін, қазақ жайылым жер үшін рұқсат сұрауға және бұл үшін патшаның шенеуніктеріне салық төлеуге мәжбүр болды. Өз жерінде жүріп өз жері үшін салық төледі!

1837 жылы Кіші жүзден бастау алған көтерілістің ұшқынын жалғастырып әкеткен

Кенесары өмірінің соңына дейін Ресей мен Қоқан хандығына қарсы, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күресіп өтті.

Қазақ Кенесарыға қолдау таныта алмады. Неге? 

Алайда соғыстан әбден қалжыраған қазақ Кенесарыға аяғына дейін қолдау таныта алған жоқ.  Қазір мұны айыптаудың жөні жоқ. Дегенмен дәл қазір бізге,

қазақтарға барды бар, жоқты жоқ деп айта алатын мінез керек…

1846 жылы бұқараның біртұтас қолдауынан айырылған хан Кене өзінің аз ғана жасағымен Шу аңғарына келді. Ол сол тұстары қоқандықтардың тепкісін тартып жатқан қырғыздармен бірігіп, Қоқан хандығына қарсы соғыспақ болады. Бірақ, қырғыз манаптары оған қолдау көрсетуден бас тартады. Мәселе неде?

Бұдан бір жыл бұрын полковник Вишневский Ұлы жүз қазақтары мен қырғыздардың элитасын жинап жиын өткізген. Осы жиында бұлар полковникке патшалық Ресейге бағынбай отырған “басбұзар” Кенесарының басын кесіп әкелуге уәде береді.

Кенесарыны кім өлтірді? 

Анығында, хан Кене Романовтар әулетін ғана емес,  сонымен бірге, қазақ пен қырғыздың элитасын да әбден әуреледі.

Оны кім және қалай өлтіргені белгісіз.

Екі нұсқа бар: бірі –Кенесарыны Шу аңғарында қоршап алған казактар отряды өлтіруі мүмкін. Себебі, оның басы үшін патшалық Ресей қомақты сыйақы тағайындаған. Екіншісі – Кенесары қырғыздардың қолынан өлген. Жалпы, оның өліміне қатысты құпия көп.

Белгілісі:

Кенесарының басын Ресейге олжа ретінде  жіберген.

Оның басын алу қаншалықты маңызды еді?

Кенесарының басын алуға сол кездегі орыс патшасы Николай-І қомақты сыйақы тағайындаған. Кенесарының “қазақтарға автономия беріңдер”деген  талабына Николай-І:

– “бір мемлекетте екі патша билік құра алмайды” деп кесіп тастаған.

Анығында, Кенесарының автономия сұрауы тегін емес. Бұл Ресей империясы мен Әбілқайыр ханның арасындағы келісімшартта көрсетілген болатын…

Екіншіден, Кенесары Шыңғысхан мен Абылайдың ұрпағы. Хан дегеніміз бас. Халық дегеніміз дене. Денені басынан айыру – бұл қазақ халқының басын алумен тең дүние. Біз тәуелсіздіктен осылай айырылдық…Ханымыздың басын қайтармай, біз шын тәуелсіз бола алмаймыз.

Осы себепті де

Ресей Қазақстанмен тең дәрежеде қатынас жасауға құлықты емес: олар бізге әлі күнге дейін бодан ретінде қарайды.

Кенесарының басын қайтару мәселесі Үкіметтік деңгейде шешілуі керек еді. Ресейдің өзі осылай деп отыр. Мен бұл туралы Кәрім Мәсімовтың атына хат жолдағанмын. Жауап жоқ.

Анығында, хан Кененің басын қайтаруға өзге-өзге емес, өзіміздің билік кедергі келтіріп отыр. Шенеуніктер “бұлай жасасақ, Ресейдің ашуына тиеміз, мұның салдары ауыр болады,” деп ойлайды. Мәсімов біздің хатымызды неге жауапсыз қалдырды? Өйткені олардың ой-түсінігі осындай. 

Кенесарының басын қайтарсақ, айырылған абыройымыз бен жоғалтқан беделімізді қалпына келтіреміз. Кенесарының басын қайтарсақ, Шыңғысхан, Жошы, Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Абылай хан сияқты бабаларымыздың батасын аламыз.

Кенесарының басын қайтаратын күн жақын, әйтсе де…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз