Мәсімов Ауғанстандағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

20 просмотров

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Кабулдағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасына қайғырып, көңіл айтты.

Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі жеке парақшасында жазды.

Арнайы қызмет Кабулдағы терактінің ар жағында тұрған кімдер екенін анықтады.

„Ауғанстан премьер-министрі Абдулла Абдулла және Кабулдағы қайғылы оқиға кезінде мерт болған адамдардың отбасына шын жүректен өкініш білдіретінімді айтамын„ деп жазды Мәсімов.

Кабулда 23 шілдеде жарылыс болып, кем дегенде 60 адам қаза тапты, 200 адам жарақаттанды.

Жарылыс энергетикалық нысан құрылысының бір жобасына қарсы халық көшеге шығып, Дехмазанг ауданына жиналған кезінде орын алды.
Жергілікті БАҚ жарылыс екі рет болды деп хабарлайды, алайда бұл ақпарат әлі расталмады. Билік жарылысты жанкешті жасаған деп отыр.

Загрузка...