Мұхтар Тайжан уағызы орысша Дін істері министріне қазақша сөйле деді

701 просмотров

Мешіттегі уағыз тек қазақ тілінде болуы тиіс.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазіргі кезеңдегі экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен жолын кесудің заңнамалық және институционалдық шаралары» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында «Болатхан Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

— Меніңше, экстремизм мен лаңкестіктің басты себебі — кедейшілік пен жұмыссыздық. Сондықтан осында отырған Үкімет мүшелерінің жауапкершілігі зор деп білемін. Коммуникациялық саясат басқаша болуы қажет. Елімізде кедейшілік, жұмыссыздық болмауы тиіс. Өйткені еліміз — бай. Елімізде 17-ақ миллион адам бар. Қазіргі дүниежүзілік ахуал өзгеріп кетті. Сондықтан біз Үкіметтен басқа экономикалық саясат күтіп отырмыз, — деді ол.

Мұхтар Тайжан аталған қауіп-қатердің екінші негізгі себебі білім жүйесіндегі олқылықтар деген ойын білдірді.

«Меніңше, осы 20 жылдың ішінде, өкінішке орай, білім жүйесі әлсіз болып кетті. Бұл салада да үлкен реформа керек деп ойлаймын. Келесі экстремизм мен лаңкестік себебі — мемлекеттің әділеттілігі. Қателеспесем, Платон «Мемлекетте әділдік болмаса, онда ол мемлекет құриды» деген еді. Сондықтан біздің елімізде әділеттілік өте жоғары деңгейде болуы керек. Әділеттілік жоғары құндылыққа айналуы тиіс»,- деді қор президенті.

Сонымен қатар ол жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жоғарыдағы мәселелерге қатысты пікірін тек орыс тілде ғана емес қазақша да білдіру керек деп есептейтіндігін айтты.

— Өйткені, жастардың басым көпшілігі — қазақ тілді. Бүгінгі жастар сізді түсінбейді. Сіздің „мешіттердегі уағыз орыс тілінде болуы керек„ деген сөзіңізді қолдамаймын. Мешітке баратын жамағаттың 99 пайызы — қазақтілді азаматтар», — деді ол министрге қарата.

Загрузка...