Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ұлттық банк Қазақстанды Ресейге сатып жатыр

Ұлттық банк сарапшыларының тағы бір дәлелі — 2016 жылғы 10 айдағы долларды таза сатып алу көлемінің көрсеткішін 2015 жылғы осы мерзіммен салыстыруда жатыр, ал бұл салыстыру оларға 2001 жылдан бергі бақылау тарихындағы ең төменгі көрсеткіштен 10,5 есе құлдырау береді. Алайда егер 2015 жылғы 20-тамызда күрт девальвация орын алғанда доллардың айырбас бағамы 188 теңге, ал жыл басында 183 теңге болғанын ескерсек, бұл дәлелде тұрған ештеңе жоқ.

Сұраныстың өспеуі мүмкін емес

Егер басты аса қатырмай, Ұлттық банктің қазандағы көрсеткішін қыркүйектегімен салыстырсақ, тіпті, шетелдік қолма-қол валютаға сұраныстың артқанын көреміз.

Өйткені, егер күздің екінші айында айырбас орындары долларды қыркүйекпен салыстырғанда, бар-жоғы 0,5 пайызға, яғни $806,2 млн-ға аз сатса, Еуропаның бірыңғай валютасының сатылымы 17,0 пайызға, яғни 86,6 млн евро-ға дейін, ресейлік рубль бойынша сатылым 12,2 пайызға, яғни, 11,879 млрд рубльге дейін, қытайлық юань 38,7 пайызға, яғни, 20,8 млн юаньға дейін артқан. Ал ең төменгі құлдырау британ валютасы бойынша қалыптасқан – фунт стерлинг 28,3 пайызға, яғни 3,3 млн-ға дейін аз сатылған.

Атап айтарлығы, айырбас орындарының клиенттері шетелдік қолма-қол валютаны көптеп өткізе бастаған. Қазан айында доллар бойынша өсім 3,6 пайызды құрап, $502,2 млн-ға, ресейлік валюта бойынша 13,3 пайызды құрап, 4,211 млрд рубльге, қытайлық валюта бойынша 23,1 пайызды құрап, 19,2 млн юаньға дейін жеткен. Британдық валютаның өткізілген көлемі 1,3 млн фунт стерлингті құраған қыркүйектегі деңгейде қалған, ал құлдырау тек бірыңғай еуропалық валюта бойынша қалыптасқан — еуро 12,3 пайызға, яғни, 35,1 млн евроға дейін құлдыраған.

Енді ресейліктерге Қазақстанға ақша құю тиімді

Сөз соңында валюта арифметикасына тағы бір қызықты мәліметті қосайық. Ұлттық банк мәліметтері көрсетіп отырғандай, қазан айындағы ресейлік рубльді сатып алу мен сату көлемі былтырғы жылғы қарашадағыдан жоғары болып шықты.

Естеріңізге салсақ, Данияр Ақышев Ұлттық банк төрағасының лауазымына 2015 жылғы 1-қарашада жайғасты. Бұл күні ресейлік рубльдің биржалық бағамы бір рубльге шаққанда 4,4 теңге сомасында қалыптасты, ал өткен жұмада биржа қызметкерлері оны 5,2 теңге деңгейінде тіркеді. Сөйтіп, енді ресейліктерге теңге түріндегі активтерге инвестиция құю тиімді болатын болды, өйткені олар бұл арзанға түседі, ал қазақстандықтар үшін көрші елдегі дүниенің барлығы қымбаттай түсті. Нәтижесінде,

бағамда осындай маневр жасаған Ақышев мырза Қазақстандағы ресейлік экспансияны ынталандыруда,

соның салдарынан отандық инвесторлардың қарсы шабуылы бәсеңдей түскен. Десек те, Ұлттық банктегілер, әлбетте, тағы бір арифметикалық қитұрқының көмегімен бұл жағдайда сытылып кетеді.

ҚР ақша айырбастау орындарының 2015-2016 жылдардағы қолма-қол валютаны сатып алуы/сатуы, млн бірлік

1-20

Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі.

Орыс тіліндегі нұсқасын осы жерден оқыңыз

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз