Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Тыңдау, тұсау, бақылау. Ұлттық қауіпсіздік комитетіне келген Мәсімовке қандай құпия тапсырма жүктелді?

123

Енді Мәсімов туралы: жоба мақұлданар болса, оны жүзеге асыру тікелей экс-премьердің мойнына жүктелетін болады.

Құжат туралы айтайық. Мәжілісте жобаны ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қолқабаев таныстырды. Қолқабаев кім? Бұл қауіпсіздік қызметі саласындағы ең тәжірибелі маманның бірі. Аталған саланың қазанында 1984 жылдан бері қайнап жүр. 

Қолқабаев не дейді?

Сонымен, жобаны таныс еткен Қолқабаев өз сөзінде құжаттың экстремистік және террористік қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды көздейтінін айтты.

Бұл ғана емес, жобаның ауқымы заңсыз қару-жарақ саудасымен, заңсыз көші-қон және есірті бизнесімен айналысқандарды да қамтымақ.

Қаруға қатысты: заң жобасында қаруды “атуға дайын жағдайда” сатуға тыйым салыну ұсынылып отыр, бәлкім Ақтөбедегі жағдай сабақ болған болар…

ҰҚК күзет ұйымдарын тәртіпке салмақ. Оларға қатысты “ерекше талаптар” енгізілетін болады. Ерекше талабы не? Айтайық. Ендігі жерде күзетшілікке көшедегі көлденең адамды ала салуға рұқсат жоқ. Күзетші белгілі бір дәрежеде тәртіп сақшысына айналады.

Айталық, жеке күзет ұйымдарының күзетшілері бұдан былай өздері бақылайтын нысандарда дабыл ойнар болса, бұл туралы бірден Ішкі істер органдарына хабарлауы тиіс.

Ілгеріде айттық. Заңсыз қару-жарақ айналымы, қару сақтау тәртібіне қатысты талап күшеймек. Оның ішіне, қару-жарақ сатумен айналысатын кәсіпкерлер ҰҚК-ның “ерекше бақылауында” болмақ.

Бұл ғана емес, ҰҚК терроризм және экстремизммен байланысы бар діни топтардың қызметін толықтай тоқтатқалы отыр.

Діни туризм терроризм ошағы емес пе? 

Мынаған назар аударыңыз: Қауіпсіздік комитеті діни туризм саласындағы туроператорлардың қызметін аса қатаң қадағалауға алатын құқықтық-нормативтік акт дайындап қойған.

Қолқабаевтың айтуынша, аталған заң жобасы аясында уақытша тұратын және тұрғылықты мекен-жайы бойынша, тіркелу тәртібін бұзған азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету шектеледі.

Түсінікті тілмен айтқанда, егер үйдің қожайыны өз үйінде тағы біреуді тіркеусіз тұрғызып жатса, әлгі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сонымен қатар, Қазақстан заңнамасын бұзған, атап айтқанда, қылмыс жасаған шетелдіктерді әлгінің еркінен тыс елден шығарып жіберу мәселесі де қарастырылуда.

Сізді тыңдап тұруы мүмкін

Енді ең даулы бағанның бірі: “Байланыс туралы” заң. Билік қажет деп тапқан жағдайда, ұялы байланыс пен интернетті өшіріп тастамақ.

Қолқабаевтың сөзінше, Қазақстан аумағындағы барлық мобильді құралдардың IMEI-кодтарының бірыңғай базасы құрылмақ, кодтар әрбір адамның абоненттік нөмірлерімен бірге тіркелмек.

Ал тіркелмеген абоненттерді анықтау үшін байланыс операторлары тиісті органға ол туралы барлық ақпаратты кідіртпей беруі тиіс.

Сәтпаев: “Террормен күрестің астарында халықтың мойнына қамыт кигізу саясаты жатпауы тиіс”

Солай. Заң жобасының нұсқасы осындай. Әрине, бұған пікір айтылды. Жаңа заң жобасына қатысты ой-пікірін алғашқы болып саясаттанушы Досым Сәтпаев білдіріпті. Ол не дейді?

– Заңды күш құрылымдары дайындағаны көзге ұрып тұр. Тұсаулау, бақылау басым, ал алдын-алу мәселері атымен айтылмаған, –  деп жазыпты Сәтпаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Что будет делать Карим Масимов в КНБ РК?

Досым Сәтпаев

Саясаттанушының пікірінше, Жер кодексіне, бұған дейінгі зейнетақы заңнамасына қатысты енгізілген өзгерістер билік күткен нәтиженің күл-талқанын шығарып, кері реакция туғызатынын өмірдің өзі дәлелдеді.

– Сондықтан кез-келген заңдық құжат әртараптан сарапқа салынуы керек. Оның оң тұстары ғана емес, кемшіліктерін де көзге көрсетіп айтуға тиіспіз.

Осы себепті де жұмыс тобының отырысында мен:

“Террормен күресуге ешкім қарсы емес. Бірақ, бұл әлеуметтік тұрақтылыққа қайшы келмеуі керек. Биліктің бақылауға алуының астарында саяси сарын жатпауы тиіс. “Саяси амал” мен “экстремизм” шекарасының аражігін ашып көрсету керек” дедім.

Неге? Заң жобасында қоғам керісінше қабылдайтын тұстар бар.

Айталық, лаңкестікке қарсы күрес аясында көші-қон саясатын қатаңдату мен  кейбір бизнес түрлеріне жаңа айыппұлдар салу асығыс шешім.

Билік біздің аталған заңжобасына қатысты ой-пікірімізді назарға алар деген ойдамыз. Ақылы бар болса, билік бір мәселені шешуге тырысқанда, екіншісін ушықтырып алмауы керек, – дейді Сәтпаев. 

Дереккөз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз