Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атын жамылған жалған қауымдастықтардың алаяқтық және заңсыз ақша жинау әрекеттері жиілеп кетті. Мұны ескерткен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықты сақ болуға, жеке мәліметтерін ешкімге бермеуге кеңес береді.
Алаяқтар әлеуметтік желі арқылы мәліметтер базасы өзгерді немесе кеңсе басқа мекенжайға көшті деген түрлі желеумен жеке мәліметтерді беруді сұрап, бермеген жағдайда жеке зейнетақы шоты бұғатталатынын айтып азаматтарды қорқытатын болған.
„Алаяқтық оқиғалардың белең алуына байланысты ескертеміз: БЖЗҚ мамандары жеке мәліметтерді жинақтау бойынша сауалнамалар жүргізіп жатқан жоқ. Егер сіздерге БЖЗҚ маманымын деп хабарласып, жеке мәліметтеріңіз жайлы сұраса, бізге мына телефондар арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз: 8 (727) 356-10-60, 8 (727) 312-15-68, сонымен қатар ҚР бойынша тегін қалааралық нөмірге хабарласуларыңызға болады: 8 800 080 1177„ деп жазады БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.