Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұлан Қонысбаев атақты Бразилия футболшысы Роналдиньомен кездесті

155

Бірнеше күннен кейін Қытай ауруханасында Қонысбаевтың жұқпалы ауру жұқтырып алғаны белгілі болды. Ол бірден Римдегі Villa Stuart емханасына жіберілді. Ал мұнда, яғни Италия астанасында Қонысбаев Роналдиньомен кездесті.

“Әлем футболының аңызымен кешкі ас ішіп жатырмын”, – деп жазды атақты футболшымен түскен суретін салған Қонысбаев Instagram желісінде.

36 жастағы Роналдиньо ПСЖ, “Барселона”, “Милан” командаларында ойнаған. 2002 жылы Бразилия құрамасының сапында әлем чемпионатын жеңіп алды. 2004-2005 жылдары ол ФИФА тұжырымы бойынша әлемнің үздік ойыншысы болды, ал 2005 жылы France Footbal журналынан “Алтын доп” иеленді. “Барселонаның” құрамында Роналдиньо Чемпиондар лигасы мен Испания чемпионатын жеңіп алған.

2015 жылдың қыркүйегінде Роналдиньо “Флуминенсе” командасынан кетіп, қазіргі уақытқа дейін бос агент. Осы жазда ол Үндістанда футзалдан коммерциялық чемпионатқа қатысқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз