«КТК» телеарнасының басшысы ауысты

393 просмотров

«КТК» телеарнасының бас директоры ауысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы өз Twitter-інде телеарнаның Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының басшысы Александр Подойников жазыпты.

«Арнаның бас директоры ауысты. Қанат Сахариянов қызметінен кетті. Жаңа басшы болып Эльмира Джамилова тағайындалды», дейді ол.

Эльмира Джамилова бұған дейін «КТК» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарған екен. Айта кестек, 2014 жылдың қараша айында «КТК» арнасының сол кездегі бас директоры Арман Шораев өз еркімен қызметінен кеткен еді.

photo_197511
Эльмира Джамилова, Қанат Сахариянов, Артур Платонов. Фото: parlam.kz
Загрузка...