Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Кез келген спорттан білім бере алар едім деген Ильин шарасыз күйде секілді

Басылымның хабарлауынша, дәл қазір Илья Францияда жүр. Ол жерге “Тур де Франсты” көріп, допинг сынамалары туралы ақпаратқа көз жеткізу үшін кеткен екен. Мұнымен қатар, ауыр атлетші немен айналысып жүргені туралы айтып берді.

“Мен де өздеріңіздей адаммын. Сондықтан допинг туралы жаңалықты естіген кезде қатты таң қалып, есеңгіреп қалдым. Ақырындап сабама түсе бастадым, қазір менде барлығы жақсы. Спортпен жаттықпағаныма бір ай болды, оған зауқым соқпай жүр. Спорт залға барып жүрмін, онда да жарысқа қатысатын жігіттерге қолдау көрсету үшін ғана. Қазір олармен бірге емеспін, сол себепті телефон арқылы хабарласып, өзімнің тілекші екенімді білдіріп қоямын.

Осыған дейін бар уақытымды отбасым мен спортқа арнаған болатынмын. Қазір біраз саяхаттап жүрген жайым бар. Алғашында Новосібірде болдым, кейін Абхазияда. Бұдан кейін Женеваға ұшып, қазір Францияда жүрмін”, – дейді ол.

Ал допинг мәселесіне қатысты Илья қолында бар ақпаратты әзірге жасыра тұруды жөн көреді.

– Мен 22 жыл болды, спортпен шұғылданып келемін. Спорттан басқа ештеңені білмеймін. Менің білімім мен білігімді спортқа бағыттау керек. Егер мен штангі көтермесем, онда білімімді беруім тиіс. Мен сүйенген спорт жүйесі Лондонда өзін танытты. Балалар спортынан бастауға болады. Нәтижесі жақсы болады деп ойлаймын.

Тек ауыр атлетикада ғана емес, жалпы спорт туралы білім бере алар едім. Өйткені мен бәрін тез игеріп аламын ғой.

Менің білімім мен білігім көп жасқа көмегін тигізер еді. Қазақстан спортын дамытқан командаға да мүше бола аламын,- дейді Ильин.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз