Келесі жылы ұшатын көлік шығады, оның құны 200 мың евро болмақ

104 просмотров

Словакиялық инженерлер тарихтағы ең алғашқы ұшатын көліктің бағасын жария етті, деп жазады VistaNews.

AeroMobil 3.0 деп аталатын ұшатын автокөлік 200 мың евроға сатылмақ. Сондай-ақ, инженерлер словакиялық аэромобильдің кейбір техникалық тұстарын жария етті. Алғашқы ұшатын көліктерге көлемі үш литрлі, 160 аттық қуаты бар Rotax 192 қозғалтқышы орнатылады екен.

Әуеде AeroMobil 3.0 сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшады, жерде сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүреді. Көкке көтерілу үшін көлікке алдымен 310 метр қашықтық жер керек екен.

AeroMobil 3.0 кәдімгі бензинмен жүреді, толық бакпен 700 шақырым жерге бара алады. Әуеде ұшқан кезде 100 шақырымға 15 литр бензин жағады екен.

Бұл көліктің руліне отыру үшін жүргізуші куәлігі қажет пе, әлде пилот куәлігі керек пе – ол мәселе әлі нақты шешімін таппай отыр.

aeromobil_3_first_flight_over_the_horizon_countryside

be81007f020ef73c5d3e3e80b3c52e99

am_foto_05

Загрузка...