Рио Олимпиадасында бақ сынаған ауыр атлетіміз Карина Горичева Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші медальді салды.
63 келі салмақта өнер көрсеткен Горичева қола медальді қанжығасына байлады. Жалпы қорытындыда ол 243 келіні бағындырды.
Бұл салмақта әлемнің үш дүркін чемпионы қытайлық Дэн Вэй (262 келі) алтын алса, екінші орын солтүстік кореялық ауыратлет Чхве Хе Симге (258 келі) бұйырды.
Горичеваның қоласы Қазақстан құрамасының қоржынындағы әзірге төртінші медаль. Бұдан бұрын дзюдошы Елдос Сметов күміс алса, оның әріптесі Галбадрах Отгонцэцэг және тағы бір зілтеміршіміз Фархад Харки қола медальды қанағат тұтқан-тұғын.