Кәрім Мәсімов Достық кентінің ауруханасында болды

46 просмотров

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов Достық кентінің ауруханасына барып, жергілікті дәрігерлермен жүздесті.

Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайтында айтылады.

Достық кентінің ауруханасының жұмысы туралы Үкімет басшысына аудандық аурухананың бас дәрігері айтып берді.

Кәрім Мәсімов терапевт және окулист кабинеттерiн көріп, аурухананың заманауи жабдықтармен жабдықталуын тексерді.

Ауруханада 50 төсек-орын бар, 14 — бір орындық палата, 23 – екі орындық және 13 – төрт орындық палата, физиотерапия, педиатрия, терапия кабинеттері қарастырылған. Емдеу мекемесінде 110 адам жұмыс істейді.+

Аурухана су, жылу жүйелерімен жабдықталған

Загрузка...