Кәрім Мәсімов қай жерде болса да президентке деген адалдығын сақтайды — саясаттанушы

119 просмотров

Мәсімов саясаттан кетпейді, өйткені ол Қазақстанда болып жатқан терең үдерістерді жақсы түсінеді.

2016 жылғы 8-қыркүйекте президенттің жарлығымен Кәрім Мәсімов Қазақстан премьері лауазымынан босатылды. Атап айтарлығы, экс-премьер бірден жаңа лауазымға тағайындалды — ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқаратын болды.
Осындай күтпеген тағайындауға түсініктеме беруді саясаттанушы Сұлтанбек Сұлтанғалиевтан сұраған едік.

12549091_939190789464094_9174807470252656907_n-e1473334868205
Сұлтанбек Сұлтанғалиев

— Негізі, Кәірім Мәсімовты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына тағайындау күтпеген жағдай болды. Алайда біз екі нәрсені назарға алуымыз керек.

Біріншісі: Кәрім Қажымқанұлы қоғамымызда орын алып жатқан үдерістерден өте жақсы хабардар.Екіншісі: оның президентке деген сарқылмас адалдығы және Елбасының оған деген сенімі.

Міне, осы жәйттерді ескерсек, Кәрім Мәсімовтың ҰҚК басшылығына тағайындалуы қисынды әрі негізді шешім. Менің ойымша,

Кәрім Мәсімов өз лауазымынан ішкі элиталық текетіресте қандай да жеңіліске ұшырағаннан кейін кетті деп ойламаймын, жоқ, ол орнын өзінің қалауы бойынша босатып, мемлекет басшысымен бұрынғы сенімді қарым-қатынасын сақтап қалды.

ҰҚК-ның жаңа басшысы алдында қандай міндеттер тұр? Әлбетте, бірінші кезекте діни экстремизмге қарсы күрестің тұратыны анық. Арнайы қызметтің басшылығы тиісті бастамаларды жариялап та қойды. Міне, соларды жүзеге асыру Кәрім Мәсімовтың иығына артылмақшы.

Ал қоғамның саяси тұрмысына келетін болсақ, „тұсау с алу, жаппай бақылауға алу, мойынға қамыт кигізу„ саясаты жалғасын таппақ. Бұған әлеуметтік наразылықтардың артуы мен оларды сыртқы (немесе ішкі) күштердің елде саяси тұрақсыздық орнату мақсатында пайдалануға талпыну қаупі себеп болуда.

Дереккөз: 365info.kz

Загрузка...