Әй, Аманғали, Аманғали….Танымал әзілқой үйленгелі жатыр

695 просмотров

«Шаншар» театры арқылы танылған әзілқой, қазіргі күні «Әзіл әлемі» театрында өнер көрсететін Аманғали Сыпабеков үйленгелі жатыр. 

Әзілқой қазақтың тойындағы салт-дәсүрлермен жақын танысу үшін әнші Серік Ибрагимовтың тойына арнайы барыпты. Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

Бағдарлама жүргізушісіне берген аз-кем пікірінде Сыпабеков: «Иә, үйленейін деп жатырмын. Осы мақсатта тойдың қалай өтетінін көріп алайын деп келдім. Үйленбесе болмай кетті. Тойды қараша айының 22-сіне жоспарлап отырмыз» деді. Аманғалидың айтуынша сүйіктісінің аты Марал, Таразда туып өскен. 

52876291

 

Загрузка...