Бүгін көптеген наразылыққа қарамастан Қытайдың оңтүстігіндегі Юлинь қаласында иттің етінен тамақ әзірлейтін жыл сайынғы фестиваль басталып кетті.
ВВС орыс қызметінің хабарлауынша, бұл фестиваль 10 күнге созылмақ.
Бұл өңірлерде тұратын халық иттің етін мыңдаған жылдардан бері жейді екен.
Ал жергілікті биліктегілердің айтуынша, бұл шараға ешкім ресми қолдау көрсетіп отырған жоқ, фестиваль кәсіпкерлердің ақшасына ұйымдастырылып отыр.