Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Иран мен Ресей арасында ойын басталды. Кім кімді алдап отыр?

111

Леонид Гусьев

Леонид Гусев

– Иран – күрделі ойыншы. Олар біресе арадағы келіссөзді құптайды, біресе оны оп-оңай жоққа шығарып, түлкі-бұлаңға салады.

Мысалы, Бушердегі атом стансасын салу бойынша келіссөзді алайық. 2000 жылдан басталған бұл келіссөз ақыры сиырқұймышақтанып кетті.

Қалай дегенмен де ортақ мақсат бізді төзімді етеді. Бір жағынан, Иранды түсінуге болатын сияқты. Тегеран Батыстың қысымына шыдай алмаған секілді. Қазір Ираннан 5 жылға созылған санкцияны алып жатыр, оған қоса БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке өтуде. Сондықтан олар әлем алдында Хамадан аумағында ешқандай ядролық бағдарлама жоғын дәлелдеуі тиіс.

Жалпылай алғанда, өз территориясында Ресей әскерилерінің болуының пайдасы мен зиянын сараптай келе, Иран осындай шешім шығарған секілді.

Қалай дегенмен де Иран Ислам мемлекеттері лаңкестік тобымен майданды жалғастыратын болады. Ондайда басты серіктес — Ресей керек.

Сондықтан болашақта, өздеріне ыңғайлы уақытта, Иран Ресей әскерін өз территориясына жіберуі ықтимал, – дейді Мәскеу халықаралық зерттеу институтының аға қызметкері Леонид Гусев Правда басылымына берген сұхбатында.

Әзімбай Ғали

Ал отандық саясаттанушы Әзімбай Ғали, керісінше, бұл арада гәп Ресейде екенін айтады. Өйткені олар кез келген уақытта сөзін бұзып, күтпеген нәрсені жасай салады. „Бұл Иранға қатысты да жасалған секілді„ – дейді ол.

– Арадағы келіссөздің бұзылуына екі басты себеп бар деп есептеймін. Біреуі — Батыс, екіншісі — Ресей.
Бұл келіссөздер жасалғанда Иран Ресейді сенімді әріптесі деп санады. Бірақ бұл олай болмай шыққан секілді. Иранның Қорғаныс министрі Хоссейн Дехган Ресей Хамадан әуе базасын пайдаланып жатқаны туралы ақпаратты Тегеранға ескертпей, жариялай салды деп мәлімдеді. Демек, ақпаратты жарияламау туралы арада сөз болуы мүмкін. Ал Ресей өз телеарналары арқылы 16-тамызда Хамадан базасынан Сирияға әуеден соққы беруге көтерілген әскери ұшақтарын салтанатты түрде көрсетті.

Жалпы, Ресей мұнай бағасының қымбаттағанына мүдделі. Ал санкциядан арылған Иран мұнайды екі есеге арзан сатып жатыр.

Сондықтан Иранның жағдайы қайтадан ушығып, Тегеранға қатысты санкцияның қайтадан күшейгенін Ресей белгілі бір деңгейде армандайды. Осы жағынан алғанда, бір арандату болуы мүмкін. Батыс болса, тура осыны, яғни Ресейдің әлемнен бекерден бекер оқшауланып қалмағанын Иранның есіне салып, ескерту жасады.

Осылайша дер кезінде есін жиған Иран шұғыл түрде Ресейден өз әуе базасынан ұшақтарын алып кетуді талап етті.

Тағы бір жағынан, Ресейдің жалға алған әуе базасы үшін төлейтін қазір ақшасы да жоқ. Сондықтан олар оны айырбаспен өтесек қайтеді деп Иранның басын қатырған сыңайлы.

Ұшақ береміз, оны ұшыратын ұшқыштарыңызды оқытамыз деген секілді ұсыныстар жасаған секілді. Ал ескі ұшақтар Иранға түкке қажеті жоқ. Сол секілді Иран Батыспен ойнауға болмайтынын жақсы түсінді. Қазір Батыс – Иран мұнайы мен газының басты тұтынушысы, – дейді Әзімбай Ғали.

Еске сала кетсек, Иранның сыртқы істер министрі Бахрам Касеми 20-тамызда Сирияға әуеден соққы беру үшін Ресей Иранның Хамадан әуе-базасын пайдалануды тоқтататындығын мәлімдеді.

Ал Иранның Қорғаныс министрі Дехган: „Әрине, Ресей әлемге өзін супердержава әрі әлем мен жер шарының қауіпсіздігін белсенді қамтамасыз етуші ықпалды мемлекет ретінде көрсетіп қалғысы келеді. Алайда бұл ақпаратты жария ету Иранға деген сый-құрметтің жоқтығын танытты„ деп мәлімдеді.

Негізінен, халықаралық құқық бойынша шетелдікке әскери нысанды жалға беруге тыйым салынады. Тегеран ІІ-дүниежүзілік соғыста қана осындай амалға барған.

Ресей Хамадан әуе-базасын 3 күн ғана пайдалана алды. 16,17 және 18-тамызда Ресей мен Иранның бомбалаушы ұшақтары Сирия территориясында орныққан лаңкестік күштер үстінен жойқын соққы берді.

Биылғы жылдың тек бір шілде айында ғана төбеден жауған бомбадан Сирияда 500 бейбіт тұрғын көз жұмған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз