«Грузия арманы» парламент сайлауында жеңіске жетті

22 просмотров

Билік басындағы «Грузия арманы» партиясы сайлауда жеңіске жетті. Сайлаушылар дауысын санау жұмыстары аяқталуға жақын.

Партия шамамен 48,6 пайыз дауыс жинады, ал оппозициялық «Бірлескен Ұлттық қозғалыс» — 27 пайыз. Партиялық тізім бойынша берілетін 150 депутаттық мандаттың 77-сі осы нәтиже арқылы бөлінеді. Қалған 73 орынға бір мандаттық округтерде жеңіске жеткендер ие болады.

Грузиядағы парламент құрамы келесі айдың соңына таман толық белгілі болады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың 51 пайызы ғана дауыс беруге келген. Халықаралық бақылаушылар сайлау әділ өтті деп хабарлады, бірақ сайлау қарсаңындағы науқан кезінде заңға қайшы әрекеттер қолдану туралы шағым түскенін ескертті.

6cd28162-6de0-472e-bab5-41dca6da3a7b_w987_r1_s

Загрузка...