Геннадий Головкин: «Мен шоуға дайындалып жатырмын»

86 просмотров

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Твиттердегі жеке парақшасында британдық боксшы Келл Брукпен өтетін жекпе-жегіне дайындық барысы туралы жазды.

«Мен Брукпен жұдырықтасу үшін күн үзбестен дайындалып келемін. Мен шоуға дайындалып жатырмын», — деп жазды Г. Головкин.

Головкин — Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.

Осыдан кейін, GGG қараша немесе желтоқсанда тағы бір кездесу өткізбек. Оның ықтимал қарсыластары — Дэниэл Джейкобс, Крис Юбэнк-кішісі және Хильберто Рамирес.

 

Загрузка...