Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрменің басталуына дейін тура бір жыл қалғанда көрменің ресми сайтында электрондық билеттерді сату басталды.
10 маусым күні сатып алушыларға билеттердің құны қолжетімді болды. Бұл жұмыс және демалыс күндеріндегі ашық және жабық датасы бар билеттер. Соған сәйкес бағада айырма бар.
Еxpo2017astana.com сайтындағы мәліметке сүйенсек, билеттің әрбір типі тек бағасымен емес, көрмеге барудың белгілі бір талаптарымен де ерекшеленеді. Көрмеге тек билетте көрсетілген күні ғана бара аласыз. Ал ашық дата қойылған билетпен көрмеге кез келген күні («жұмыс» немесе «демалыс» күні билетте көрсетіледі) баруға мүмкіндік беріп отыр.