Ескерту: Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені тасуы мүмкін

37 просмотров

Ертіс өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерін су басуы мүмкін.

Бұл туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің ресми сайтында жарияланды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының хабарлауынша, Бұқтырма су қоймасына келетін судың артуына байланысты 19-21 маусым аралығында Бұқтырма және Өскемен ГЭС-тері су жіберу көлемін көбейтеді.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде судың арнасынан шығып кетуі және маңайды су басуы мүмкін.

Загрузка...