Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Есімов неге сүйкімсіз, немесе «Болашақ» түлектері билікте не тындырды?

Ileuova

Гүлмира Ілеуова

— Біріншіден, “болашақтықтардың” барлығы бірдей өздерін басқарушы ретінде таныта алмады. Олардың кейбіреуі өз “орнын” басқа құрылымдардан тапты. Мәселен, Арын Орсариев, ол саяси ғылым саласында білім алса да қазір Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры. Батыста басқару саласы бойынша білім алғанымен, мемлекеттік қызметке орналаса алмағандары да бар. Олардың алдында тұрған басты мәселе – бүгінде мемлекеттік қызметке тұру оңай емес. Бізде жас мамандарды мемлекеттік аппаратқа қосу бойынша жүйеленген байсалды саясат жоқ.

Мәселе “Болашақ” түлектерінің көпшілігінде жоғарыда отырған “көкелерінің” жоқтығында емес

Қазір Қазақстанда жүз мыңнан астам шенеунік жұмыс істеп жүр. Сонда тәжірибесі жоқ жастарды жұмысқа алу үшін барлық тәжірибелі, білікті атқамінерлерді қызметтен қуамыз ба?

Екіншіден,

егер “Болашақ” бағдарламасының жүз түлегін алсақ, олардың 95-ін болашақ саяси элита деп санауға болмайды

Олар оған сәйкес емес. Жастардың тамаша білімі болуы мүмкін, бірақ оларда басқарушылық тәжірибе жоқ. Сондықтан «болашақтықтарға» өздерін еліне пайда тигізуге және ішкі ахуал жағдайында елімізге тиімді шешім қабылдауға қабілетті кәсіби маман ретінде көрсету үшін уақыт қажет. Ал мұны американдық немесе ағылшындық дүниетанымен жүзеге асыру мүмкін емес.

— Өз елінде болмаса, жастар тәжірибені қайдан жинақтайды?

— Міне, мәселенің бәрі осыған тіреледі, бізде жұмысқа орналастыру жүйесі қалыптастаған. Белгілі бір мансап жолы болу керек — оқу бітірген түлек бірден орталық органдарға қызметке алынбай, еңбек жолын төменнен, мәселен, аудандық әкімдіктен бастағаны жөн. Десек те, жергілікті жерлерде орталыққа қарағанда, мәнсап жолымен ілгерілеу, яғни көтерілу оңай емес. Дегенмен

Қазақстанда қызметтің өсуіне көбінесе туыстық қатынастардың ықпалы бар екенін жоққа шығаруға болмайды

Байбекті Алматының әкімі ету — “кәрі көкжал” әкімдерге қыр көрсету

— Ал басқарушылардың жаңа толқыны мен тіс қаққан, әккі әкімдер арасында қандай да бір текетірес бар ма?

— Өте орынды сұрақ. Бұл мәселені Алматыны мысалға алып талқылауға болады. Мегаполис әкімінің орны босағанда, бұл орынға жайғасуды армандағандар жетіп артылған. Әрине, үміткерлердің бәрі тегін жүрген адам емес еді,

Алматы әкімінің орынтағына астыртын тартыс күшті болған

Бірақ таңдау жасалып, бұл орынға Байбек жайғасты. Президент аймақтарда жұмыс тәжірибесі жоқ жас жігітке, “Болашақ” түлегіне сенім артты.

— Бұған қосарымыз, ол “таза”, әрі оның әке-шешесі бай-бағландарға жатпайды…

— Иә, солай. Міне, сол Байбек халықпен қарым-қатынаста жаңа модельдерді — әлеуметтік желілерді пайдалану, адамдардармен үнемі кездесіп, қоғамдық комитеттер және кеңестер құруды пайдаланып, алматылықтардың сеніміне ие болып, танымал болып отыр. Иә, бәлкім оны жұрттың бәрі бірдей қолдамайтын шығар, бірақ жалпы, көпшілік жас әкімге сеніммен қарайды. Өзінің ашықтығымен Байбек “ескі мектептің” көкжалы – Есімовке қарағанда сүйкімді. Естеріңізде болса, Есімов мықтап бекініп алып, жұртшылықпен етене араласудан қашқақтайтын. Осы жағынан алғанда, тәжірибесіне, атақ-даңқына қарамастан,

халық арасындағы танымалдығы жағынан Байбек Есімовтен озып кетті

Жаңа әкім халыққа неғұрлым жақын. Өйткені ол жаңа заман басшысы. Егер Байбек сенімнен шықса, онда басқарудың осы моделі басқа аймақтарға да енгізілуі әбден мүмкін. Менің ойымша, Байбектің жемісті қызметі — басқа әкімдерге жасалған нақты ишара.

Bajbek1-e1463027837258

Бауыржан Байбек

“Болашақтың” бір баласы Шымкентте жүр

— Ал сіз Шымкенттің жаңа әкімі – Ғабидолла Әбдірахымовқа қалай қарайсыз, айтпақшы, ол да “Болашақ” түлегі

— Ол өте жас басшылардың бірі, 1975 жылы туылған, ОҚО тумасы. Мемлекеттік әкімшіліктендірудің магистрі. Егер оның өмірбаянына қарайтын болсақ, оның еңбек жолы мемлекеттік қызметпен тығыз байланыста екенін байқайсыз. Сырт көзбен қарағанда – бәрі дұрыс. Бірақ Шымкенттегі орта Алматыдан бөлектеу. Шымкент – үлкен қала, бірақ мегаполис емес. Шымкенттегі халықпен алматылық көзқараспен қарым-қатынас құру мүмкін емес

ол жақта “саясиланған орта” жоқ.

— Мен сізбен келіспеймін. Шымкенттік агломерация өте белсенді. Шымкент әкімі де беделді азамат. Ресейлік Regnum холдингінің сарапшылары Әбдірахымовты (Байбекпен бірге) «билік идеологиясындағы жаңа толқын өкілдері» деп атады. «Жалпы, осы тұлғалардың рейтингте пайда болуы олардың тәжірибесі жоқ орындаушылардан биліктегі жүйелі ойлай білетін идеологтарға айналып бара жатқанын көрсетеді», — деп жазған ресейлік сарапшылар.

— Мүмкін, солай шығар. Қалай болса да бүгін біз басқару ісіне деген мүлдем жаңа ұстанымды көріп отырмыз..

abdrahimov-e1448273317495

Ғабидолла Әбдірахымов. Сурет twitter.com-нан алынды

Ақтөбедегі лаңкестік әрекеттердің артында жергілікті наразы элитаның тұруы мүмкін бе?

— Тағы бір сұрақ — Ақтөбедегі оқиға. Қазір сарапшылар арасында екі көзқарас қалыптасып отыр. Біріншісі: терактілерді шетелдегі сценаристер ұйымдастырған. Екіншісі: терактілер — кланаралық және элитаралық тартыстың салдары.

— Екіншілердің айтқаны дұрыс деп ойлаймын.

“Саяси олимптың” алғашқы ондығына кіретін адамдардың белсенділігіне көз тігейік. Ақтөбеден кейінгі оқиғалардан кейін, олар күні бүгінге дейін жұмған ауыздарын ашпай отыр. Үн-түнсіз!

Бәрі әліптің артын бағып отыр. Байқасаңыз, соңғы уақытта президенттен басқа ешкім ағымдағы ахуалға баға бермеді. Міне, басты саяси тұлғалар осылай бұғып қалған сәтте мүлдем басқа күштердің бас көтеруі әбден мүмкін. Ақтөбе осыны көрсетті.

Ақтөбедегі оқиғаға өңірге Бердібек Сапарбаевтың әкім болып келуі де түрткі болуы мүмкін

— Иә, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев “қатайып” жүрген. Sayasat.org порталы жазғандай, «Бердібек Машбекұлы әлеуметтік нысандар құрылысында олқылықтарға орын бергені үшін жеке жауапкершілік туралы ескерту алған басқарма басшыларының жұмысына наразылық білдірді. Дегенмеен негізгі таяқ жұртшылық алдында сөгіс естіген облыс орталығының басшысына тиді. Сондай-ақ сарапшылар өткен айда әкім Сапарбаевтың “тұрғындардың өткір-өткір сұрақтарына жауап бере отырып”, Жер кодексі бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтып отыр.

— Осы орайда, атап айтсақ,

оның өңір басшылығына келуі жергілікті кландардың наразылығын тудыруы мүмкін

Өйткені Сапарбаев — өте білікті басқарушылардың бірі, оған пара-пар келетін атқамінерлер саусақпен санарлық. Десек те, ол облысты әлі толық игеріп алған жоқ. Өңірдің қыр-сырымен ұзақ танысты. Мүмкін, бір нәрселерден мүлт кетті. Дегенмен мұның барлығы құр сөз.

Қалай болса да бізге алдағы кадрлық ауыс-түйістерді мұқият бақылау қажет. Олар көп нәрсені аңғартады.

Сапарбаев

Бердібек Сапарбаев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз