Өткенде желідегі қауым біраз шуласқан еді. “Кешью” тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет өзімен бірге “Гламур для дур” деген фильмге түскен Дәурен Айдарқұловтың басын айналдырып алғанын, ал аздай отбасын ойрандап кеткенін жазғанбыз. Бұған себеп те болған. Өзін Дәуреннің әйелі деп таныстырған келіншек Ақботаның былықтарын бетіне басқан еді.
Бұдан сырт, аталған парақшада Ақботаның атынан төмендегідей жазба қалдырылған екен:
“Менің парақшамды белгісіз біреулер бұзып, менің атымнан түрлі қауесет, өтірік ақпарат таратқан екен. Осы бірнеше күн парақшамды қайтарумен болдым. Менің тұрмысқа шығайын деп жатқаным рас! Бірақ менің болашақ жарым Дәурен емес, мен Дәуренді ағам ретінде сыйлаймын, құрметтеймін жəне ол өте талантты актер. Болашақ күйеуіммен “Гламур для дур” фильмін түсіру кезінде табысқаным да шын. Ол кім екенін əзірге айта алмаймын. КешYOU-дан жақында кетемін, өкінішке орай… Өзімнің шағын бизнесіммен айналыспақпын. Бəрі жақсы. Сіздердің Ақботаларыңыз”.