Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыдағы атыс: қолға түскен екінші азамат Дарын Мубаровтың табынушысы ма?

442

maxresdefault

Дарын Мубаров

Алайда Серік Жолдасбайдың айтуынша, осыдан үш жыл бұрын ғана Ержан қазақша хит әндерді тыңдап жүрген, оны әнді орындаған әншілерге “жарайсың” деп мақтау сөз айтқан азаматтардың бірі болғанын байқауға болады.

– Сондай-ақ ол бірыңғай діни уағыздар тыңдамай немесе оқымай, Вк-да әртүрлі ойындар ойнаған. Ең алғаш рет Ержан 2014 жылғы 24-мамыр күні Құраннан үзінді жариялаған екен. Алайда ол 2015 жылдың 27-наурызына дейін тағы да әртүрлі ойындар ойнаған сияқты. Дәл осы күннен бастап, бірыңғай діни мазмұндағы жазбаларды бөлісіп, жариялай бастайды, – дейді Серік Жолдасбай.

 Ең қызығы,

Ержан Вк әлеуметтік желісінде Дарын Мубаровтың парақшасына тіркеліп, оның уағыздарын тыңдап жүрген.

Журналистің сөзіне қарағанда, ол Дарынның “Жаннат пен Тозақ” видеоуағызын бөліскен екен.  

– Демек, оның сәләфилік жолға түсуіне Дарын Мубаровтың ықпалы басым болып тұр. Сондықтан да құзырлы орган өзін Дарынның шәкірті санайтын кез келген адамды қауіпті санап, оларды арнайы тіркеуге алуы керек, – деп түйіндейді Серік Жолдасбай.

Алматыдағы лаңкестік әрекетті сәләфиттер жасаған 

Айтпақшы, полиция құрықтаған кезде Ержан Қошаевтың қалтасынан діни жазулар жазылған бір жапырақ қағаз табылған болатын. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, күдіктінің діни ағымдардың біріне қатысы бары айтылған еді. Аталған мәселеге дінтанушылар мен имамдар да бейжай қарамағанға ұқсайды. 

Солардың бірі – имам Исмайыл Сейітбеков күдікті Ержан Қошаевтың қалтасынан табылған жазба сәләфи ағымының ақидасы бойынша кәлиманың 7 шарты екенін айтып отыр. 

«Бүгінгі Алматыдағы террорлық әрекетті жасағандар сәләфиттер екені тағы дәлелденді. Сәләфиттер өздерін судан таза, сүттен ақпыз, террорлық әрекетті жасайтындар тәкфирлер деп, тәкфирлерді жамандауға кіріседі. Ал, ұсталған жігіттің қалтасынан шыққан қағазда Мұхаммед ибн Абдулуаһһаб негізін қалаған уаһһаби, сәләфи ағымының ақидасы бойынша. кәлиманың 7 шарты жазылған.

Сәләфилер сол шарттарға сәйкеспеген адамды мұсылман санамай кәпірге, адасқанға шығарады.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде мұндай 7 шарт жоқ және ешбір жанға исламды қабылдар кезінде мұндай талап қоймағанын білеміз. Әһлу сүннет сенімі бойынша Лә иләһә иллалаһ Мухаммадур расулуллаһ деген адам мұсылман саналады. Сол қағаз лаңкес жігіттің сәләфи екеніне нақты дәлел деп санаймын. Бұған сәләфилер не уәж айтар екен?», – дейді имам Исмайыл Сейітбеков өз сөзінде.

13689446_1100699573332901_2038263725_n

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз