Ереванда ЕурАзЭО елдерінің үкімет басшыларының кездесуі өтіп жатыр

35 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (Қазақстан, РФ, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан) үкімет басшыларының Ереванда қысқарған құрамда кездесуі өтуде. Осыдан соң Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы делегациялардың қатысуымен кеңейтілген түрде жалғасын табады, деп жазады ТАСС.

4253048

Үкіметаралық кеңестің отырысында одаққа мүше елдердің көлік және энергетика салаларын үйлестіру, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы кеңінен талқыланбақшы.

Сондай-ақ премьер-министрлер Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасауға келіссөздер жүргізу директивасын талқылайды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО құру туралы шарттың орындалуын бақылап, Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет басшылары деңгейіндегі шешімдерді жүзеге асырып, Еуразиялық экономикалық комиссияға тапсырма береді.

Дәл осы ЕАЭО елдері премьерлерінің кездесулерінде одаққа енетін мемлекеттердің интеграциялық ынтымақтастық мәселелерінің негізгі бөлігі қарастырылады.

ЕАЭО елдерінің үкіметаралық кеңесінің отырысы осымен бесінші рет өткізіліп отыр.

Загрузка...